Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ


    Қызылорда облысы көлемінде осы жылғдың 22 қаңтары мен 18 ақпан күндері аралығында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның алғашқы он күндігінде 539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 36 автокөлік, жылдамдықты шамадан  асырғаны үшін 33 автокөлік, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 8 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарудың 24 дерегі, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат берудің 1 дерегі тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 2 жүргізуші автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.
    Атап өтерлік жайт, аталған іс-шара Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілуде. Жедел шара көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықтауға бағытталып отыр.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі


05 ақпан 2018 ж. 801 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области