Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шемішке көп шаққан адам қандай болады? Дәрігер жауап берді

Шемішке көп шаққан адам қандай болады? Дәрігер жауап берді

Kyzylorda-news.kz. Шемішке шағу соқырішектің (аппендициттің) дамуына әкелуі мүмкін емес. Бұл туралы Tengrinews.kz.
"Шемішке аппендициттің дамуына әкелуі мүмкін емес. Шемішке мен аппендициттің бір-біріне ешқандай қатысы жоқ", - деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Андрей Кригер.
Ол аппендициттің даму қаупін арттыратын факторлар мүлдем белгісіз екенін айтады.
"Бүгінгі таңда өмір салты, дене жаттығулары, психологиялық ауытқу немесе диеталық артықшылық ауруға әсер ететіні дәлелденбеген. Ерлер мен әйелдерде аппендициттің болу жиілігі шамамен бірдей, бірақ әйелдерде оны гинекологиялық аурулармен жиі шатастырады. Ал қарт адамдарда ол сирек кездеседі, негізінен ауру жұмысқа қабілетті жастағы адамдарға қатысты», деп нақтылады Кригер.
Оның айтуынша, егер диагноз күмән тудырмаса, операция қажет болса, антибиотиктермен аппендицитті емдеу мүмкін емес. Бұл ретте аппендицитті алдын алу мақсатында алып тастауға болмайды, себебі кез келген хирургиялық ота асқыну қаупіне алып келеді, деп түсіндірді дәрігер.
Оның айтуынша, АҚШ-та XX ғасырдың 50-60-жылдарында алдын алу үшін жаңа туған нәрестелерге аппендиксті алып тастау тәжірибесі болған, бірақ одан кейін бас тартқан. Аппендицитке бастапқыда қатты ауырсыну тән емес, оған төзуге болады, сондықтан көптеген науқас дәрігерге уақытында жүгінбейді, деп қосты дәрігер.
"Аппендицит - бұл адам төзе алмайтын өткір ауру. Егер іштің сұққылап ауыруы болса, көбінесе бұл қуыс ағзаның шаншуы немесе перфорациясы", - деп түсіндірді Кригер.
Аппендициттің классикалық симптоматикасы - бұл іштің жоғарғы жағында немесе ішінде ауырсынудың пайда болуы, жүректің айнуы, ал бірнеше сағаттан кейін іштің оң жақ төменгі бөлігіне жылжуы, деп нақтылады хирург. Ол ешқандай жағдайда аппендицитті үйде емдеуге болмайтынын атап өтті. Құрсақ қуысы мүшелерінің кез келген хирургиялық ауруын дәрігер, жақсы хирург қарауы керек.
25 тамыз 2019 ж. 351 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области