Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада перзентхана күзетшісіне қол көтерген 2 байқоңырлық ұсталды

Қызылордада перзентхана күзетшісіне қол көтерген 2 байқоңырлық ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығында күзетшіге қол көтерген екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл оқиға 22 тамыз күні болған. Сол күні Байқоңыр қаласында тұратын 32 жастағы жігіт медициналық орталыққа танысымен келеді. Оларға медбике мен күзетші кіру уақыты аяқталғанын түсіндіреді. Ескертуге құлақ аспаған олар медбике мен күзетшіге дөрекі сөйлейді. Күзетшіге қол көтеріп, оны ұрып-соққан.
«Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - делінген Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.
26 тамыз 2019 ж. 378 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области