Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді елімізде жұмысқа қарапайым смартфон арқылы тұруға болады

Енді елімізде жұмысқа қарапайым смартфон арқылы тұруға болады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша мемлекеттік қызметтер Smart Astana мобильдік қосымшасын пайдаланушыларға қолжетімді. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Мұнда азаматтың әлеуметтік мәртебесін тексеруге, шегерімдер туралы, оның ішінде жұмысынан айрылу жағдайындағы төлемдер туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Платформада қаладағы өзекті, бос жұмыс орындарының тізімі қол жетімді, сондай-ақ түйіндемені жіберуге болады.
Еңбек министрлігі, қала әкімдігі және Астана Innovations бірлескен жұмысының нәтижесінде Smart Astana мобильді қосымшасы enbek.kz порталымен синхрондалды, сондықтан елордалық жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының тізімі күн сайын жаңартылып отырады. Жұмысты нақты лауазымды немесе компания атауын көрсете отырып іздеуге, сонымен қатар ұсыныстар тізімін қарап шығуға мүмкіндік бар.
Сұранысқа ие бос жұмыс орындарының арасында орта мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, колледж мұғалімдері, тәрбиешілер, дәрігерлер, мейіргерлер, хатшылар, электриктер мен автослесарьлер, күзетшілер, бөлме тазалаушылар кіреді. Негізінен қызметкерлерді толық жұмыс күніне іздейді, орташа қызмет өтілі– 2-3 жыл.
«Резюме» қосымша парағында талапкерлер өздері туралы барлық деректерді толтырып, орналастыра алады. Жұмыс беруші өзіне лайықты қызметкерді іздеу үшін қосымшаны пайдалана алады.
Әлеуметтік төлемдердің мәртебесін тексеру қосымша мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бірлескен қызметі нәтижесінде мүмкін болды. Ол үшін «Қалалық қызметтер» бөліміне өтіп, «Әлеуметтік төлемдер мәртебесі» белгішесін басқан соң ЖСН енгізіп, аударымдар түрін таңдау қажет. Мысалы, егер адам жалдамалы жұмыскер болса, онда ай сайынғы жарналар мен әлеуметтік медициналық сақтандыру желісі бойынша аударымдарды жұмыс беруші төлейтін болады. Жүйе бұл туралы пайдаланушыға дереу хабарлайды. Егер платформада адамның әлеуметтік мәртебесі туралы ешқандай ақпарат көрсетілмесе, ол мұндағы жағдайды сауалнаманы толтыру арқылы түзете алады.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың басты міндеттерінің бірі екендігін еске саламыз.
27 тамыз 2019 ж. 257 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области