Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Талапкерлер үздік жоғары оқу орнын немесе колледжді бір «басу» арқылы таңдай алады

Талапкерлер үздік жоғары оқу орнын немесе колледжді бір «басу» арқылы таңдай алады

Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды.
Жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, студенттер оқу орындарының еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, жұмысқа орналасу және жалақы деңгейі тұрғысынан табыстылығы туралы ақпаратқа тегін қол жеткізе алады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Электрондық еңбек биржасының сайтында әрбір пайдаланушы Қазақстан бойынша, белгілі бір аймақ бойынша, жеке мамандық немесе нақты бағыт бойынша жоғары оқу орнына немесе колледжге ең тиімді таңдау мүмкіндігіне ие. Рейтинг 2018 жылдың желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандарымен жасалды. Үздік және нашар оқу орындарын таңдау сауалнамалар негізінде емес, түлектердің жұмысқа орналасуының нақты нәтижелері, олардың жалақы деңгейі, жұмыстың тұрақтылығы бойынша сараланды. Бұл рейтингті объективті және тәуелсіз етеді.
Салыстырғанда, 101 ЖОО түлектерінің 200 мыңға жуық және еліміздің 766 колледжінің 300 мыңнан астам түлегі пайдаланылды. Салыстырар кезде 2015-2017 жылдары бітірген 101 жоғары оқу орынының 200 мың түлегі мен еліміздің 766 колледжін бітірген 300 мыңнан астам түлектің мәліметтері қолданылды.
Үздік оқу орнын таңдау бойынша арнайы қызмет enbek.kz сайтында орналасқан сүзгілердің жиынтығы. Қолданыста өте ыңғайлы, бірнеше рет «басу» жеткілікті. Нәтижелер тегін жүктеу мүмкіндігімен кесте түрінде ұсынылады.
«Бұл шын мәнінде бір рейтинг емес, он төрт. Кез-келген адам жұмыс берушілер қандай мамандықтарға көбірек сұранысқа ие екенін, қандай аймақтардың жоғары оқу орындары жақсы немесе нашар екенін көре алады. Сайт архитектурасы әртүрлі салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, талапкер "Ақпараттық жүйелер"мамандығы бойынша жоғары білім алғысы келеді. Рейтинг арқылы ол Қазақстанның қай жоғары оқу орнында түлектердің жұмысқа орналасуының ең жоғары пайызын, қай өңірде осындай мамандар ең жоғары жалақы алатынын көре алады», - деп түсіндірді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті Тахир Аслялиев.
Рейтинг талапкерлер үшін де, басқа жоғары оқу орындарына ауысқысы келетін студенттер үшін де пайдалы болады. Сондай-ақ, ол жұмыс берушілерге лайықты түлектерді жұмысқа қабылдау үшін және білім беру және еңбек нарығы саласындағы зерттеулер үшін талдаушыларға пайдалы.

28 наурыз 2019 ж. 384 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области