Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы мемлекеттік комиссия құрылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы мемлекеттік комиссия құрылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қаулыға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған.

Қаулыға сәйкес, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленген. Ақынның 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасы Мемлекеттік комиссияның қарауына ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Ал, жалпыреспубликалық жоспардың өзі 1 қарашаға дейін бекітіледі.
Мемлекеттік комиссиясының төрағасы болып ҚР Мемлекеттік хатшысы бекітілген. Комиссия төрағасының орынбасарлары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі тағайындалған.
Сондай-ақ, комиссия құрамына Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыстың әкімдері, еліміздегі ЖОО ректорлары және Мұрат Әуезов, Сауытбек Абдрахманов, Бақытжан Жұмағұлов, Ғарифолла Есім, Роллан Сейсенбаев, Олжас Сүлейменов, Ахан Сатаев секілді тұлғалар енген.
27 тамыз 2019 ж. 570 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области