Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін біраз ішіңіз пысады. Айналаңызда әңгіме-дүкен құратын адам табылмай, өз-өзіңізбен боласыз. Осы сәтті пайдаланып, аяқталмай қалған шаруаларыңызды бітіріп алыңыз.

Торпақ
Сырт келбетіңізді өзгертуге асықпаңыз. Асығыстық жасап, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Түстен кейінгі уақытта отбасыңызбен бірге болып, жақындарыңыздың ойларын тыңдаңыз.

Егіздер
Бүгін күтпеген жағдайларға тап боласыз. сондай-ақ сізді тосынсыйлар күтіп тұр. Маңызды мәселелерде соңғы шешімді өзіңіз қабылдаңыз. Ешкімге сенім артудың қажеті жоқ.

Шаян
Бүгін күш-қуатыңыз тасып, барлық шаруаны бір мезетте атқарып тастайсыз. Сізге ешкімнің көмегі қажет емес. Бірақ барлық жауапкершілікті өз мойныңызға ала бермеңіз.

Арыстан
Күніңіз сәтті өтеді. Бүгін сіз өте қуаныштысыз. Осы көңіл-күймен мерекелік дастархан жайып, отбасыңызды бір қуантасыз. Үлкеннің де, кішінің де сізге айтар алғысы көп.

Бикеш
Бүгінгі күнді отбасыңыздың жанында өткізіңіз. Дастархан басына жиналып, жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. Тіпті ескі фото альбомдарды қарап, жақсы естеліктерді еске алыңыз.

Таразы
Бүгін денсаулығыңызға сақ болыңыз. Жүйкеңізге салмақ салатын ойлардан арылыңыз. Жақындарыңыз көмек қолын созса, олардан бас тартпаңыз. Сонымен қатар бүгін ақшаға сақ болыңыз.

Сарышаян
Түнімен ұйқыңыз дұрыс болмағандықтан, таңертеңгілік шаршаңқы күйде жүресіз. Бір мезгіл демалғаныңыз жөн. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беріп, мазаңыз қашуы мүмкін.

Мерген
Бүгін сіз өте тартымдысыз. Барлығы сізге қызыға да, қызғана да қарайтын болады. Өзіңізге тым сенімді болып, қателіктерге бой алдырып алмаңыз. Кішіпейілділік қасиетін сақтай біліңіз.

Тауешкі
Бүгін ерекше сұлусыз. Сізге таңырқай қарайтындар көп. Әсіресе жолдасыңыз немесе ғашығыңыз сізден көз айыра алмайтын болады. Әрдайым осы қалпыңызды сақтай біліңіз.

Суқұйғыш
Басшылық тарапынан ескертулер айтылуы мүмкін. Өз ісіңізге мығым болыңыз. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, өз бизнесіңізді сақтап қалуға тырысыңыз. Сабырлылық пен табандылық таныта біліңіз.

Балықтар
Бүгін жұмысыңыз жандана түседі. Барлығы сіздің іскерлігіңізге тәнті болып, айналаңыздағылардың мақтанышына айналасыз. Отбасында да мерейіңіз артып, олар сізге оң қабақ танытады.
28 тамыз 2019 ж. 357 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области