Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдерге сынып жетекшілігі және оқушы дәптерін тексергені үшін жалақы қосылады

Мұғалімдерге сынып жетекшілігі және оқушы дәптерін тексергені үшін жалақы қосылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңының жобасына сәйкес, сынып жетекшілігі және оқушы дәптерлерін тексергені үшін ұстаздарға қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Заңдарда аталған нормалар 173 мың мұғалімге сынып жетекшілігі үшін, 165 мың мұғалімге дәптер тексергендігі бойынша жалақыны екі есе көбейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Ал 212 мыңнан астам қызметкер біліктілік санаттары үшін жалақының 30% -дан 50% -на дейінгі мөлшерде бонустар алады. Магистр дәрежесі бар 7 мың қызметкерге 10 АЕК (25250 теңге) көлемінде қосымша ақы төленеді. Тәлімгерлік қызметі үшін 18 мың қызметкерге 1 БДО (17697 теңге) мөлшерінде қосымша төлем төленеді», - деді Білім және ғылым министрі үкімет отырысы барысында.
Бұдан басқа 14 күн қосымша демалысты 100 мыңнан аса мұғалім ала алады.
«Мұғалімнің мәртебесін көтеру оның қызметіне де қойылатын талаптардың күшеюін білдіреді. Сондықтан, заң жобасы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіби қызметке алғаш кіріскендер біліктілігін көрсетуі қажет болады», – деді министр.
28 тамыз 2019 ж. 445 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области