Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдердің жалақысы екі есеге нақты қашан өсетіні белгілі болды

Мұғалімдердің жалақысы екі есеге нақты қашан өсетіні белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің жалақысы келесі жылдан бастап көбейеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Жалақыны көтеру үшін заң қабылдау қажет. Заң осы жылдың ішінде қабылданады деп үміттенеміз. Премьер-Министрдің орынбасары бұл жайында айтты да. Сондықтан көпшілігі заңның қабылдануына байланысты болады. Дегенмен біз негізгі өзгерістер келесі жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз»,- деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге өсетіндігін айтқан болатын.
Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданатындығын атап өткен.
19 тамыз 2019 ж. 441 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области