Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффиценті бекітілді – Күләш Шәмщидинова

Мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффиценті бекітілді – Күләш Шәмщидинова

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілуі керек, деп xабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті.
«Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар», - деді Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның сөзіне қарағанда, көмекші персоналдың жалақысы да артады. Олар - еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер.
«Сосын басқарушы персонал бар. Олар - мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары», - деп атап көрсетті Күләш Шәмшидинова.
15 сәуір 2019 ж. 454 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области