Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке қалай көтеріледі

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке қалай көтеріледі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30 процентке көтеруді тапсырды. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко аталған бастаманың қалай іске асатынын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Негізі, алдымен бюджеттік сала қызметкерлерінің төменгі айлығын анықтап алу қажет. Мәселен, мен ішкі істер органдарына жұмысқа келгенде жалақы 28 000 теңгедей болды. Қазір өрт сөндірушілер 50 000 - 60 000 теңгенің айналасында алады. Ал еңбек өтілі барларға 110 000 - 120 000 теңге беріледі. Сонда бюджеттік сала қызметкерінің ең төменгі жалақысы қандай? Оны қалай есептейміз? Заңмен ондай көрсеткіш бекітілмеген. Мен өзім көрген жоқпын. Қазір қаржы министрлігі оны анықтап жатқан шығар. Ең төменгі күнкөріс деңгейін ала ма? Басқа бір көрсеткіш енгізіле ме? Осыны анықтап алуымыз қажет" - деді В.Божко.
Оның айтуынша, жалақыны көтеруге қосымша 1 триллионға жуық теңге бөлінсе, ел экономикасына қан жүгіреді. Себебі xалық ол ақшаны жұмсағанда шағын және орта бизнес жандана түседі.
"Ең бастысы, жалақы көтерудің тәртібін анықтап алу қажет. Енді, 1 триллион теңге Ұлттық қордан бөлінсе, бюджет туралы заңнамаға өзгеріс енгізуге тура келеді. Демек, олар (ҚР Қаржы министрілігі - авт.) бізге келеді. Сол кезде бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын өсірудің нақты тәртібі де, ол үстемеақыны алатын азаматтардың санаттары да белгілі болады", - деп атап көрсетті В.Божко.
Айта кетейік, кеше "Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көтеруді тапсырды.
«Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдарлама бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет салада жұмыс істейтін айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын. Біз оларды қолдауымыз керек», - деді Н.Назарбаев.
Бұдан бөлек, әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 процентке көтеріледі. Осы мақсатта 1 триллионға жуық қаржы бөлінеді.

28 ақпан 2019 ж. 517 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области