Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІР АЙДАН КЕЙІН БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ӨЗГЕРЕДІ

БІР АЙДАН КЕЙІН БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ӨЗГЕРЕДІ


        ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова кімдердің зейнетақысы қалай көтерілетінін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
       "1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді. Мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болады. Бүгінде базалық зейнетақы барлығына бірдей төленіп отыр. Ал оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін құрайды. Ол - шамамен 15 274 теңге. Енді, шілде айынан бастап базалық зейнетақы еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қарай төленеді", - деді С.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
       Оның айтуынша, бүгінде қайта есептеу шаралары атқарылып, әрбір адамның зейнетақысы автоматты түрде белгіленді. Сондықтан қосымша құжаттарды әкелудің қажеті жоқ.
       Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауда базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай 1,8 есеге ұлғайтуды тапсырған болатын. Бүгінде республика бойынша базалық зейнетақыны 2 млн-нан астам адам алып отыр.
       "Мәселен, 1998 жылға дейін адамның 20 жылдық еңбек өтілі бар. Одан кейін ол тағы да 20 жыл жұмыс істеп, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысты. Барлығы - 40 жыл. Ондай зейнеткерлер базалық зейнетақының 100 процентін алады. Ал зейнеткердің еңбек өтілі болмаса, сосын зейнетақы жинақтау жүйесіне мүлдем қатыспаса, я болмаса, еңбек өтілі 10-ақ жыл болса, оған жаңағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін - 15 274 теңгені төлейді. Негізі, 10 жылдан кейін әрбір жылға 2 процент қосылады. Сонда 33 жылдық еңбек өтілі бар адам да базалық зейнетақының 100 процентін ала алады. Әрбір адам өзінің зейнетақы мөлшерін "электронды үкімет" порталынан, я болмаса, "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-кеңселерінен біле алады. Сол жерде толық анықтаманы да алуға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті С.Жақыпова.
05 маусым 2018 ж. 607 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области