Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды

Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.
Талқылаудан кейін Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын ҚР Білім және ғылым министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.
Айта кетейік, бұған дейін Күләш Шәмшидинова «Назарбаев зияркерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы болып еңбек етіп келген.
25 ақпан 2019 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области