Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жас кәсіпкерлерге арналған стартап жоба басталды

Қызылордада жас кәсіпкерлерге арналған стартап жоба басталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының жастарына арналған жаңа стартап жоба таныстырылды.

«Kyzylorda Business Hub» деп аталатын байқау 16-29 жас аралығында бизнес жасауға мүдделі жас кәсіпкерлердің өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
Жоба авторы Жандос Оразмаханов байқау арқылы жастардың кәсіпкерлік сана және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, беделді кәсіпкерлерден сабақ алу және бірлесе жұмыс жасау, жобаға ақшалай сыйақылар және инвесторлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Байқау 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы айналым StartUp-Weekend-те облыстың барлық ауданы бойынша 400-ден астам қатысушылар арасынан іріктеу жүреді. Екінші кезеңде Camp-work - жартылай финалға іріктелген 80 қатысушылармен бизнес лагерь ұйымдастырылады. 3 кезеңде, яғни финалда үздік 20 жоба арасындағы жеңімпаздарды анықталып, инвесторлық қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, жоба жеңімпаздарына І орынға 500 мың, ІІ орынға 250 мың теңге, ІІІ орынға 150 мың теңге табысталады.
Байқауға қатысу үшін www.kyzylordahub.kz сайтына кіріп, өтінім жолдау керек.

28 тамыз 2019 ж. 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области