Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша, 29 тамызда күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Таразда 29 тамыз күні жел күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында 29 тамызда жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с, түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың кей жерлерінде 29-30 тамыз күндері найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.
30 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Петропавл қаласында 29 тамыз күні күндіз, 30 тамызда тәулік бойы найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал. 29 тамыз күні жел күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. 30 тамызда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.