Қызылордада жас кәсіпкерлер форумы өтті
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Қызылорда облысының жас кәсіпкерлер форумы» болып өтті.
Форумның мақсаты – кәсіп жасауға ниеті бар жастарды қолдау, оларға тәжірибелі көмек көрсету, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейтіп, жұмыссыздардың санын азайту.
Форумға Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов және облыс бойынша жастар мен жас кәсіпкерлер қатысты.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамуы және ондағы жас кәсіпкерлердің үлесі туралы баяндап өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов форум қатысушыларына сәттілік тіледі.
Форумда спикер болған жас кәсіпкерлер бұл саланың қыр-сырымен бөлісті. Форумға қатысушылар кәсіпті бастау, оны жүргізу, дамытудың жолдары, табысты кәсіпкер болудың құпиясы, жеке ісін бастағысы келген жастарға қарастырылған мүмкіндіктер туралы баяндамалар тыңдады.
Сонымен қатар, қатысушыларға несие алуға арналған бағдарламалар, мемлекеттік гранттарды алу жолдары түсіндірілді.