Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы 4 базардың тағдыры қалай шешілмек?

Қызылордадағы 4 базардың тағдыры қалай шешілмек?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда өңірінде кәсіпкерлік қарқын алып келеді. Аймақта сауда-саттық ісінде жаңа қадамдар жүзеге асырылады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
Айталық, өңірде «Сауданы дамыту» жобасының «Сауда саласын жаңғырту» бағыты бойынша салалық орталық мемлекеттік органдармен бірге нақты жоспар бекітілген. Жоба аясында 4 сауда базарын заманауи форматтағы сауда нысандарына көшіріліп, заманауи форматтағы 4 сауда объектісі іске қосылады.
«Қызылордада кәсіпкерлер арасында интернет-дүкендер арқылы сатуды ұйымдастырудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, облыста 51 интернет-дүкен жұмыс жасауда, оның ішінде жыл басынан бері 21-і тіркелген. Біз жыл соңына дейін облыста 8 интернет-дүкендерін ашуды көздеп отырмыз»,-дейді басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов.
Айта кету керек, күні бүгінге дейін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 44225-ке жеткен. Сәйкесінше 1446 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс жасап тұрғандығын растайтын статус алған.
23 шілде 2019 ж. 360 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области