Бұршақ, жауын, жел – дүйсенбіге арналған ауа райы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі.
Тек республиканың оңтүстікғы және батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с соғады.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстіғынде, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысыңда өте жоғары өрт қауіпі сақталады.