Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДҮЙСЕНБІДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚҰБЫЛМАЛЫ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ

ДҮЙСЕНБІДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚҰБЫЛМАЛЫ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ


25 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл соғады. Тек республикамыздың батысында жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде - желдің екпіне 15-25 м/с үдейді, найзағай жарқылдап, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі 15-25 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ге күшейеді, найзағай, дауыл күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с үдейді, найзағай жарқылдап, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа жетеді, тұман түседі. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық күтіледі, кей жерлерінде өте ыстық болады. Маңғыстау, Атырау, кей жерлерінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
25 маусым 2018 ж. 570 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области