Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СИНОПТИКТЕРДІҢ 18 МАУСЫМ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

СИНОПТИКТЕРДІҢ 18 МАУСЫМ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 18 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ күшті жел, дауыл, бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с жел тұрады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
18 маусым 2018 ж. 626 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области