Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СИНОПТИКТЕРДІҢ 14 МАУСЫМ КҮНГІ АУА РАЙЫ

СИНОПТИКТЕРДІҢ 14 МАУСЫМ КҮНГІ АУА РАЙЫ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысыннда сондай-ақ шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Қостанай облысында найзағай күтіледі.
Сондай-ақ синоптиктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

14 маусым 2018 ж. 785 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области