Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРШАҚ ПЕН ДАУЫЛ КҮТІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРШАҚ ПЕН ДАУЫЛ КҮТІЛЕДІ


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
19 маусым 2018 ж. 761 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области