Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев шенеуніктерге арналған «астауларды» жабуды тапсырды

Тоқаев шенеуніктерге арналған «астауларды» жабуды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын қаражаттың үлкен бөлігі бәсекеге сай емес әдіспен жүзеге асатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаевтың мәлімдеуі бойынша, биыл мемлекеттік сатып алудың көлемі 4,4 триллион теңге болған. 75 %- ы бәсекеге сай емес әдіспен жүзеге асқан.
«2018 жылы мемлекеттік сатып алулардың көлемі 4,4 триллион теңгені құрады. Оның 3,3 триллион теңгесі бір дереккөзден бәсекеге сай келмейтін әдіспен жүзеге асқан. Шенеуніктерге арналған «астауды» жабатын уақыт келді», – деді президент.
Сонымен қатар, ол атаулы әлеуметтік көмекті көрсету процессіне назар аударды.
«5 жылдың ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны 77 мыңнан 1,4 миллион теңгеден асатындай өсті. Әлеуметтік қолдауға бюджеттен бөлінетін қаражат 2017 жылдан бері 17 рет өсті. Басқаша айтқанда, көптеген адамдар жұмыс істегісі келмейді немесе табыстарын жасырады», – деді Тоқаев.
02 қыркүйек 2019 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области