Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қытайлық миллиардер Абайдың өлеңін жатқа оқыды

Қытайлық миллиардер Абайдың өлеңін жатқа оқыды

Kyzylorda-news.kz. Атақты қытайлық миллиардер, «Alibaba» интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін оқып, оның 175 жылдық мерейтойына арналған челленджге қолдау білдірген. Бұл туралы ҚР ҚХР-дағы елшілігі хабарлаған.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметінше, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды.
«Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін»,- деді қытайлық миллиардер.
Ол Абайдың:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» деген өлеңін оқыды.
Соңында, Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

03 қыркүйек 2019 ж. 413 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области