Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘҢГІ ӨЛМЕС ЖЫРЫМЕН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

МӘҢГІ ӨЛМЕС ЖЫРЫМЕН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН


Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамдық өмірімізде айрықша орын алады. Ұлтымыздың салт-дәстүрін, тілімізді, әдебиетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту болашақ ұрпағымыздың бойында ұлттық өркениеттің негізін қалаудың игі бастамасы болып табылады. Қазақ халқының мәңгі өшпес те, өлмес те асыл мұраларының көмбесі саналатын Сыр елінің бас ордасы – Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында қалалық кітапханалар жүйесі қазақтың классик ақыны, әлем халықтарының рухани өміріндегі жарық жұлдызы, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай-дана, Абай-дара-қазақта» атты әдеби-жыр марафонынын өткізді.
Шараға облыстық «Таным», «Абайтану» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Абат Жолдасова, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, жазушылар Мұхамеджан Нұрханов пен Несібелі Рахмет, №253 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қадиша Қорғанова және т.б қатысып, ұлтымыздың ұлы ақыны туралы келелі әңгімелер айтып, осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын ойшыл ақынның халқының өзге елден қалмай, оқ бойы озық тұруын қалағаны, Абайды біз толық меңгерсек, оның ілімін іліп, бойымызға сіңірсек біздің рухани жаңғырғанымыз деп атап көрсетті.
Белсенді жас оқырмандар – Ш.Сұлтанбек, Б.Смағанбет, А.Умирбай, Г.Ерлан, А. Әлиакбарова, М.Рысбек, З.Жандос ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жыр додасының сәнін келтірсе, Ж.Қалдыбай, К.Тыныштыкбек, Ж.Кәрбоз үш тілде ақынның өмірбаянын оқыды.
Абайдың халықты білімге, ғылымға өнерге, еңбек етуге шақырған, ар, намыс, адамшылыққа үндеген қара сөздерін К.Талғатқызы, А.Ақшанова, Д. Қадірхан, Т.Тұрсынбай тебірене оқыды. Ақын Рахат Наурызбаеваның «Абай – менің ұлы атам» атты арнау өлеңін оқушы Ж.Қалдыбай мәнерлеп оқыса, А.Болатқызы «Көзімнің қарасы» әнін әуелете шырқады.



27 қыркүйек 2018 ж. 1 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области