Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ»

«ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ»


(МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАРИХИ КЕШ)
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 20 қыркүйек күні Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты тарихи кеш ұйымдастырды. Мақсаты Темірбек Жүргеновтың өмір жолы мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегін насихаттау.
Қазақ халқының қоғамдық өміріне етене араласқан Темірбек Жүргеновтың Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу, халық ағарту жұмыстарына, алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесі мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегі тарихи кештің негізгі тақырыбына айналды. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы Тарих, филология және өнер ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы, «Болашақ» университетінің филология ғылымдарының кандидаты Медетбаев Тасболат, ақын, журналист Әбілдаева Ғазиза, кітапханамыздың тұрақты, белсенді оқырманы, «Кездесу» клубының мүшесі Маханбетов Бекжан қатысып, тарихи деректерге шолу жасап, қайраткер жайында естеліктермен бөлісті.
Шара соңында Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарих. Тағдыр. Тұлға» атты деректі фильмі көрсетіліп, кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.





20 қыркүйек 2018 ж. 773 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области