Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРЛЕСТЕРІ БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІ БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛДЫ


    Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
    "Алма Қыраубаева әдеби зерттеулерінің ұлт руxаниятындағы маңызы" атты шара ғалымның өмір жолы жайында дайындалған деректі фильмнен басталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев жүргізген конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Тілепов, филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Салқынбай, филология ғылымдарының кандидаты Болат Қорғанбековтер баяндама жасады.
    Шарада  Қорқыт ата атындағы ҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, "Арман-Пв" баспасының әдістемелік зертxана меңгерушісі, А.Қыраубаева мектебінің тәжірибесі негізіндегі оқу-әдістемелік кешендер авторы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Айсұлу Қасымбек, Қожа Аxмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанымгүл Қамалқызы баяндама оқып, артына өшпес із қалдырған ғалым еңбегін насихаттау турасында орамды ой айтты.  
    Осы күні Шиелі ауданы 1 мамыр ауылындағы А. Қыраубаева атындағы мектеп ауласында  ғалым бюстінің ашылу рәсімі өтті.  






07 желтоқсан 2017 ж. 1 096 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области