Қызылордадағы оқу орындарында «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды
Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті.
Білім күнінің алғашқы сабағында төрт негізгі: адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында департамент, арнайы мониторингтік топ, «Адалдық алаңы» кеңсе қызметкерлері және қоғам қайраткерлері дәріс оқыды.
Бір мезгілде Қызылорда облысының аумағындағы 3 жоғарғы оқу орыны, 29 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы және 273 орта мектепте тақырыпқа негізделген адалдық сағаты ұйымдастырылды.
Жас өрендерге адалдықтың пайымы мен адамдық ұстанымы тақырыптарында слайд пен презентациялар көрсетілді. Бұл сабақ жастарға қоғам мен адам арасындағы байланыс туралы түсінік беруімен құнды болды.