Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ


    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір аясында «НАРХОЗ» университетінің басшылығы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасын өткізу  туралы бастама көтеріп, ол басқа оқу орны басшылары тарапынан қолдау тапқан болатын.
    Осыған сәйкес, Қызылорда облысындағы барлық білім беру ұйымдарының оқытушы құрамы мен студенттердің және мектептердің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» өтті.
    Аталған бірыңғай сағат 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында жүргізілді.   
    Бірыңғай сағаттар онлайн түрде өткізіліп, әлеуметтік желілерде көрермендерге ұсынылды. Бірыңғай сағат қорытындысында оқушылар мен студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарға арналған өз Үндеулерін жариялады.





04 желтоқсан 2017 ж. 985 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области