Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда кәсіпкердің жұмысына кедергі жасаған әкім жауапқа тартылды

Қазалыда кәсіпкердің жұмысына кедергі жасаған әкім жауапқа тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Қазалы кәсіпкердің жер алуына кедергі жасаған әкімге айыппұл салынды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратынын Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Салават Құлмахан айтты.

«Соңғы кезде жер қатынастары саласындағы заңнамалық құжаттарға көптеген өзгерістер енгізілді. Бұл құжаттарда жер телімін беруге қатысты өтініштердің мерзімі регламенттелгеніне қарамастан жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңбұзушылықтар орын алуы әлі де кездеседі», - дейді Салават Аязбайұлы.
Сондай оқиғалардың бірі Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде орын алды. Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Медеубаева Әйтеке би кенті әкімдігінің әрекетіне қатысты шағымданып, құқығын қорғауды сұраған болатын.
Кәсіпкер өтінішінде 2018 жылдың 7 қарашасында Әйтеке би кенті әкімдігі комиссия шешімімен жеке кәсіпкер Медеубаеваға 990 шаршы метр жер телімін береді. Әрі қарай 2019 жылдың 17 мамырында Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімімен жерге орналастыру жобасына бұйрық шығарылады.
«Жер кодексінің талаптарына сай жер комиссиясының оң шешімі мен уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасы түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган шешім қабылдауы тиіс. Алайда Әйтеке би кенті әкімдігі комиссияның оң шешімі мен бекітілген жобаның болғандығына қарамастан заң талаптарын бұза отырып, кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмаған. Мәселені шешу үшін біз Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен бірге жұмыс жасадық», - дейді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратынын Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Салават Құлмахан.
Жер қатынастары саласындағы заңнама талаптары бұзылып жатқандығы туралы ақпарат түсісімен Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Әйтеке би кенті әкімдігінде тексеру жүргізіп, әкімдіктің кәсіпкердің өтінішін қарау барысында заң талаптарын сақтамағандығын анықтаған. Нәтижесінде Әйтеке би кентінің әкімі Жарасхан Мұратбаевқа 75 750 теңге айыппұл салынды.
04 қыркүйек 2019 ж. 387 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области