Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЫЛТЫР ҚЫЗЫЛОРДАДА 350 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

БЫЛТЫР ҚЫЗЫЛОРДАДА 350 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ


    Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 350 кәсіпкердің құқығын қорғады.
    Осылайша бизнес өкілдерінің 370 миллион теңге қаржысы өз қалтасында қалды. Кәсіпкерлерге жиі кездесетін кедергілердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, жер қатынастар саласы және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне байланысты. Мәселен, өткен жылы кәсіпкерлер палатасы құзырлы органдармен бірлесіп, бизнесті қорғау бағытындағы шаралар аясында 11 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Олардың қатарында Жаңақорған кентінің әкімдігі де бар. Аталған жергілікті атқарушы орган мердігерді жосықсыз деп тану үшін негізсіз талаптар қойған.
    – Жаңақорған кенті әкімшілігі мердігер мекемені  жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінген. Дегенмен палата өкілдері осы сот процесіне қатысып, кәсіпкердің мүддесін қорғап, нәтижесінде Жаңақорған кенті әкімшілігінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде жеке ұйғарым шығарған. Әрине, алдағы уақытта осындай әрбір дерек бойынша қатаң шараларға тарту туралы мәселені міндетті түрде қоятын боламыз, –дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғалым Едігеев.

08 қаңтар 2018 ж. 665 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области