Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы болып Қайыркелді Темірбаев тағайындалды.  
    Қайыркелді Темірбаев 1954 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
     Еңбек жолын Қазалы аудандық сотында хатшы болып бастап, Қазалы, Жаңақорған аудандарында сот орындаушысы, Сырдария, Жалағаш, Қазалы аудандары мен Қызылорда облысының судьясы қызметтерін абыройлы атқарған.  
    Саладағы еңбегі үшін бірнеше рет Қызылорда облыстық сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Соттар Одағының, ҚР Жоғары сот төрағасының алғыс хаттарымен, құрмет грамотасымен марапатталған.   
    Айта кету керек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу мақсатында құрылған.
    Кеңес құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, бизнес және БАҚ өкілдері енгізілген.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

04 қаңтар 2018 ж. 720 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области