Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ 19 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ 19 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ


    Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі  Комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Ділмұрат Иминов Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Қызылорда облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында айтты.
    Өткен жылы бақылау, қадағалау органдары тарапынан 3126 кәсіпкерлік нысанын тексеру тіркелген болса, биыл бұл көрсеткіш 19 пайызға төмендеп 2524-ті құраған.  
    Дегенмен мемлекеттік органдар тарапынан әлі де болса заңсыз тексерушілер қатары азаймай тұр. Хабарламашы құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы осы жылы жеке кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің 44 фактісінің алдын алғанын жеткізді. Кәсіпкерлерді заңсыз тексеруге құлықтылардың басым бөлігін қоғамдық денсаулық сақтау органдары мен төтенше жағдайлар органдары құрап отыр екен.
    Тиісті органдар жұмыс жасағанына қарамастан кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексеру фактілері бәрібір орын алыпты. Өткен жылы 2 факті ғана болса, биыл бұл көрсеткіш 12-ге жеткен. Заңсыз тексергендер де сол қоғамдық денсаулық сақтау органдары мен төтенше жағдайлар органдары екен. Аталмыш 12 заңсыз тексерудің 10-ы Жаңақорған ауданында орын алса, 2-еуі Қармақшы ауданында болған.
    Осы ретте, басқарма мамандары Бас прокуратура қолданысқа енгізген «Qamqor» мобильді қосымшасын қолданып, тексеруге қатысты шағымдары болған жағдайда жедел түрде мәлімет жеткізуді сұрайды.
    Кеңес отырысында палата мен басқарма кәсіпкерлерге оңтайлы орта қалыптастыру үшін алдағы уақытта да бірге жұмыс жасайтын болып келісті.
    – Қазір кәсіпкерлер палатасы мен  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі  Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы арасында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында тығыз қарым-қатынас орнатылған. Соның бірін мысал ретінде айтар болсам, палатаға «Сыр жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы тағайындаған жоспардан тыс тексерудің заңдылығын анықтап беру туралы өтініші түскен болатын. Палата заңгерлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі  Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы мамандарының қолдауымен аталған жоспардан тыс тексеру заңсыз деп танылып, тексеру актісін тіркеуден бас тартылды. Бұл бір ғана мысал, ал бізде бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесі жеткілікті, - дейді палата басшысы Ғалымбек Жақсылықов.  


08 қараша 2017 ж. 698 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области