СОТ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда қаласының №2 сотында сот мамандарының арасында «Заттай дәлелдемелер мен құжаттарды есепке алу және сақтау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Бас маман-сот отырысының хатшысы Б.Әбдуәлидің жүргізген шараға кеңсе меңгеруші мен сот мамандары қатысты.
Бас маман-сот отырысының хатшысы азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді есепке алу карточкасы есепке алу құжатындағы ic нысанына тіркелетіндігін, одан кейін бақылау заттай дәлелдемелерді есепке алу жөніндегі электрондық журнал бойынша жүргізілетіндігін айтып өтті. Есепке алу құжатында адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын есепке алу, сақтау, жіберу жөніндегі барлық деректемелері толтырылуға жататындығына тоқталды.
Қатысушылар талқылау барысында сауал қойып, өзара пікір алмасты.