Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында балалар дәрігері жетіспейді

Қызылорда облысында балалар дәрігері жетіспейді

Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық жоғары оқу орындарының және сарапшылардың қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кеңесте нәресте мен бала өлімін азайту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік жоспардың орындалуы қаралды. Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДСДО) бас директоры Айнұр Айыпханованың мәліметінше, 2019 жылдың 7 айында Жамбыл облысы (80,5%) мен Батыс Қазақстан облысында (81,6%) жоспар ең төмен пайызда орындалған.
«Негізгі нәтижелік көрсеткіштерге жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша (ННК) 4 ННК-нің 3-не Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстары қол жеткізбеген. Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының Денсаулық сақтау басқармаларында 4 ННК-нің біреуі де орындалмаған. Сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың басшылары 2 ННК орындамаған. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында пренатальды инвазивті диагностика және сапалы цитогенетикалық сараптау жүргізілмеген. Жергілікті бюджет қаражатынан Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында сараптамалық класты УДЗ аппараты сатып алынбаған», - дейді Айнұр Айыпханова.
Педиатр мамандарымен қамтамасыз ету бойынша ең төмен көрсеткіш Маңғыстау (64%), Нұр-Сұлтан (76,6%), Қызылорда (78,5%) облыстарында; неонатологтармен қамтамасыз ету бойынша ең төменгі пайыз - Маңғыстау (65%), Солтүстік Қазақстан (74%) облыстарында, Шымкент қаласында (77%); балалар анестезиолог-реаниматологтары бойынша - Маңғыстау (49%), Батыс Қазақстан (66%), Нұр-Сұлтан қаласында (73%) байқалады.
Денсаулық сақтау министрі өңір басқармалары мен медициналық ұйымдардың басшыларын жоспар бойынша жұмысты жандандыруға шақырды.
«Нақты шаралар бар. Оларды орындамаған ұйым басшылары жалпы және жеке жауап береді. 9 айдың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін көтеретін боламыз. Жылды қорытындылаған кезде әкімдердің ННК жетістігі де көрінеді», - деді Е.Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі жаңа туған нәрестелер мен балалардың денсаулығын сақтау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Е.Біртанов айтқандай, Қазақстанда балалардың денсаулығын жақсарту үшін денсаулық сақтау жүйесінің әрбір қызметкері өз міндеттерін жауапкершілікпен орындауы тиіс.
05 қыркүйек 2019 ж. 556 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области