Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күн ерекше сақтық пен ұстамдылықты қажет етеді. Жағымсыз күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Әйелдердің арбауынан сақ болыңыз.
Торпақ
Сіздің бүгін күш-қуатыңыз тасып, ең қиын міндеттерді атқарасыз. Кешкілік жұмыс күшіңізге әсер етуі мүмкін. Егер сіз демалғыңыз келсе, алкогольге жүгінбеңіз, тыныш демалысты таңдаңыз.
Егіздер
Бүгін дуаның күші басым. Қара ниеттілердің көзінен сақ болыңыз. Сырқаттанған жағдайда ванна қабылдап, халықтық ем қолданыңыз.
Шаян
Бүгін сіз маңызды өзгерістерге тап болуыңыз мүмкін. Оның себебі кейін белгілі болады.
Арыстан
Күн романтикалық кездесулерге, қысқы киім мен жиһаз сатып алуға қолайлы. Жұмыста бәрі сәтімен болады, бірақ жүйке жүйесі сыр беруі мүмкін.
Бикеш
Бүгін күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Қиын мәселелердің шешімін оңай табасыз. Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз. Дұрыс тамақтанып, астан уланудан сақ болыңыз.
Таразы
Кездейсоқ эротикалық қатынастардан бас тартып, тым салқын болмауға тырысыңыз. Кез келген азғыруларға бой алдырмаңыз, әсіресе әйел ұсыныс жасаса.
Сарышаян
Бүгінгі келіссөздер, әсіресе қаржы мәселесінде сіз үшін тиімсіз. Сіздің жоспарларыңыз күтпеген жағдайларға байланысты бір сәтте құлдырауы мүмкін.
Мерген
Үйден алысқа кету сізге шығармашылық өрлеу, өзінізге деген сенімділік пен жаңа іскерлік сезім сыйлайды. Сіздің өміріңізді түбегейлі өзгерте алатын адамды кездестіруге болады. Тек ұсақтыққа жол бермеңіз.
Тауешкі
Қарапайым жұмыспен айналысуға, қаржылық есептерді талдау және реттеу үшін тамаша күн. Сізге материалдық әл-ауқатыңызды нығайтуға мүмкіндік туады. Романтикалық кездесулерді басқа күнге жоспарлағаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Сыртқы келбетіңіз бен стиліңізді өзгерткіңіз келіп жүрсе кейін өкініп жүрмес үшін осы қалпыңызды сақтағаныңыз жөн. Шашыңызға ерекше күтім жасаңыз.
Балық
Бұл күні көрмеге немесе театрға барып, шығармашылықпен айналысқан дұрыс. Қатты қажеттілігі болмаса қымбат заттар сатып алмаңыз.