Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алданып қалудан сақтаныңыз. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қандай қиындыққа да мойымай еңбек етсеңіз, жемісін жейсіз.

Торпақ
Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін қолдан келгеннен аянып қалмаңыз. Қызғаншақтардың кесірінен зардап шегуден сақ болыңыз. Шектен тыс сабырсыздық сізге пайда əкелмейді.

Егіздер
Өмірдің жақсылығында да, жамандығында да тек өз тапқырлығыңызға жүгініңіз. Бір аптаға арналған жұмысты алдын ала жоспарлап қойыңыз. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұрттың қаңқу сөзіне мəн бермеңіз.

Шаян
Бүгін айыңыз оңынан туады. Әр түрлі сипаттағы мерекелер мен кештерде жаңа таныстар табуға қолайлы уақыт. Қиын сәттердің өзін де шешім тауып, көңіл күйіңіз көтеріңікі болмақ.

Арыстан
Алға қойған мақсатыңыз бен ұстанымыңыздан таймаңыз. Сіз үшін жеңістің құны ауыр болмақ. Не болса да берілер мүмкіндікті жіберіп алмай, сабырлық танытыңыз.

Бикеш
Бүгін сіз үшін қай жағынан алсақ та ауыр болмақ. Қиын сәттерден оңай құтылу үшін барынша сабырлы болып, салқынқандылық танытқаныңыз жөн. Кеш сізге керемет сыйымен келмек.

Таразы
Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз.

Сарышаян
Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Жолға шығуды жоспарламаңыз.

Мерген
Туыстарыңыздың көмегімен қолға алған ісіңізді аяғына жеткізесіз. Күтпеген жерден пайдалы ұсыныстар түсуі мүмкін. Барлық мүмкіндікті құр жібермеуге тырысыңыз.

Тауешкі
Үлкен жұмысқа дайын болыңыз. Көп қаражат жұмсауыңыз мүмкін. Бірақ, соңы ұтымды пайдамен аяқталады. Көпшілікте мінезіңізді көрсетпеңіз.

Суқұйғыш
Бүгін өзіңізге берген жұмыстар мен тапсырмаларыңызды ренжімей қабылдаңыз. Жағымсыз мінез көрсетіп достарыңызды ренжітіп алмаңыз.

Балықтар
Күтпеген өзгерістерді сабырмен қарсы алыңыз. Соңы бəрі жақсы болады. Көліктен абай болыңыз. Достарыңызға көмегіңіз керек болады.
23 наурыз 2019 ж. 492 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области