Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 22 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқты
Кәсіп бастауға немесе кәсіпкерлік саласында жаңа серіктес табуға қолайлы күн. Сонымен қатар келісім шарт жасасып, кәсіпті алға қарай жылжытасыз. Өзгелердің пікірін тыңдай біліңіз. Өзім білемдікке салынбаңыз.

Торпақ
Сіздің жан-жақтылығыңыз, сөзге шешендігіңіз бен жұртпен тез тіл табыса білуіңіз көп көмегін тигізеді. Өзіңізге деген сенімділігіңіз арта түспек. Саудагер «торпақтар» үшін бүгінгі күн өте сәтті болмақ.

Егіздер
Жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Жүрегіңіздің жартысына сезіміңізді білдіріп, ұсыныс білдіріңіз. Жұмыста да, жеке кәсіпте де жолыңыз болады.

Шаян
Отбасыңыздағы жандарға қарсыласудан сақтаныңыз. Әсіресе, жолдасыңызбен қарым-қатынаста сыпайылық сақтаңыз. Мәселенің мән-жайын түсіндіруге тырысыңыз. Сонда ғана ұрыс-керістен аулақ боласыз. Бүгін жұмысыңызды бірыңғайлаңыз.

Арыстан
Бүгін сіз ақкөңіл, әрі ашық-жарқынсыз. Сондай-ақ дос боламын деушілерді құшақ жая қарсы аласыз. Ақкөңілдігіңіздің арқасында біраз шығындалып қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан ақшаға мығым болыңыз. Қымбат заттар мен әшекей бұйымдар алмастан бұрын қаржылық жағдайыңызды ойлаңыз.

Бикеш
Өзіңіздің сырт келбетіңізге көп көңіл бөлесіз. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынасты сақтаңыз. Бұрынғы өткен өкпе-ренішті еске алып, кек сақтаудың қажеті жоқ. Сонда да, ақкөңілденіп, өзгелерге жалпақтаудың да қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, өзіңізбен өзіңіз болыңыз.

Таразы
Саяхатқа шығар болсаңыз өте сәтті сапар болмақ. Сонымен қатар сауда-саттықта да өнімді іс жасамақсыз. Іскерлігіңіз бен жауапкершілігіңіздің арқасында жұмысыңыз еленбей қалмақ емес. Жалақыңыз немесе қызметтік мансабыңыз өсетін болады. Кәсіпкерлер өз қорларын арттыратын күн.

Сарышаян
Жоспарларыңыз көп. Оны жүзеге асыруға күш-қуатыңыз да жетерлік. Алайда көп кедергілерге кезігіп, жолыңыз болмайды. Бірақ кедергіге бола жұмысты жарты жолдан қалдырар сіз емес. Бұл кедергілер сізге өз пайдасын да тигізуі мүмкін.

Мерген
Материалдық тұрғыда сараңдық танытпаңыз. Әйтпесе, серіктестеріңізбен немесе жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. қазақ «Өле жегенше, бөле же» деген. Сондықтан бөлісіп отырғаныңыз өзіңіз үшін жақсы болмақ.

Тауешкі
Бүгін сіз үшін сауда жасау да, қызықты жобаларға қаржы құю да сәтті болады. Кәсіпкер «тауешкілер» табыс әкелер келіссөздер жүргізуі мүмкін. Бүгін шығармашылық бағыттағы жандар шабыттанатын күн.

Суқұйғыш
Жұмысыңыз алға басады. Осыған сәйкес, көңіл-күйіңіз де көтеріңкі. Қызмет сатысында бір саты көтерілуіңіз де ғажап емес. Лаузымыңыз жоғарылап бәсекелестеріңізді шаң қаптыруыңыз мүмкін.

Балықтар
Көпшілікпен тіл табыса білуіңіздің арқасында біршама адамдармен жақын қарым-қатынас орнатасыз. Бірақ барлығына бірдей сене бермеңіз. Адамның сырт келбеті кей кездері алдамшы болатынын естен шығармағаныңыз жөн.
22 қаңтар 2019 ж. 475 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области