Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 11 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқты
Жұмыста қиындықтар туындайды. Басшылықпен және әріптестеріңізбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Аяқтан шалушылар көп. Біреудің тапсырмасын орындаған сізге ұнамайды, алайда берілген тапсырманы орындау сізге пайдасын тигізбек.
Кешке сізді жағымды жаңалық, қызықты ұсыныс күтіп тұр. Бұрын өзіңіз аса бағалаған жанды қайта жолықтырып, ара-қатынасыңызды түзейсіз.

Торпақ
Жұмыстағы кикілжіңдерді болдырмас үшін барыңызды саласыз. Сізді әдейі кінәлі етіп, әйтпесе өзгелердің сізбен бәсекеге түсуі мүмкін. Өзіңіздің «сүттен ақ, судан таза» екеніңізді дәлелдеу қиынға соқпақ. Бірақ, күннің екінші жартысында өзіңіздікі дұрыс екендігін дәлелдейтін боласыз.
Отбасыңыз, жақындарыңыз сізді қай кезде болмасын қолдауға да, көмек көрсетуге де әзір. Бұрын жіберген қателіктеріңізді дұрыстауға мүмкіндік туып отыр. Оған бүгін алған алған тәжірибеңіз сеп болмақ.

Егіздер
Сізге сын айтушылар көп. Бұл әрине, сіздің көңіл-күйіңізді түсірері анық. Сізге уәде берген жандар өз сөзінде тұрмайды. Көңіл-күйіңіздің түсуіне сол да себепші болуы мүмкін. Жаңа іске өзіңіз білек сыбана кіріскеніңіз жөн. Алайда сіз күткен табыс сәл кейінірек болады.
Егер сіз қаражат, дүние мүлік мәселесін қозғамайтын болсаңыз, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болмақ. Жақын адамыңызбен тек алға қойған жоспарлар жайында ғана әңгімелесіңіз.

Шаян
Кәсіби тұрғыда өте сәтті күн. Бұрыннан ойға алған іске басшылық тарапынан қолдау болады. Жұмыс жағдайы жақсарады немесе айлық жалақыңыз өседі. Өзіңіздің қайтпас қайсар мінезіңіздің арқасында көпшілік сізге бағынатын болады. Тіпті, үлкен жобаларды қолға алуға болады. Себебі сіз қолға алған әрбір істі соңына дейін жеткізесіз.
Жалпы, бүгінгі күні сіз үшін бір қалыпты өтеді. Жақындарыңызбен де қарым-қатынасыңыз бір қалыпта. Күрделі деген мәселелердің өзін оңай шеше аласыз.

Арыстан
Жұртпен тіл табысқыш қасиетіңіздің арқасында ойларыңыз бір жерден шықпайтын жандармен де келісімге келесіз. Бүгінгі күн келісім шарттарға қол қою, келіссөздер жүргізуге қолайлы. Жұмысыңыздың жүруіне кедергісін келтірген бұрынғы келіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтарды жоя аласыз.
Жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынас сақтағыңыз келсе, олардың әр ісі мен сөзіне бас изегеніңіз жөн. Кейде олар сізден көп нәрсе талап етуі мүмкін. Әрине, бұл сіздің ашуыңызға тиеді, алайда сіз сыр алдырмайсыз.

Бикеш
Сіз үшін бүгін күн жақсы өтеді. Шешім шығаруға асықпаңыз. Әсіресе, бұл жұмысқа қатысты болса. Сіздің бүгінгідей сабырлы қалпыңызды көрген әріптестеріңіз, келесі де барлық ойларыңызды қолдап, өздері де сізге қызықты ұсыныстар айтатын болады.
Өзіңізді көп шаршатпаңыз. Мойныңызға артқан көп жүктен денсаулығыңызды нашарлатып алуыңыз мүмкін.

Таразы
Бұл күні кіммен араласып, кімнен бойды аулақ ұстау керек екенін түсінесіз. Бұрынаннан араласып жүрген жандардың кейбірімен ара-қатынасты үзуіңіз де мүмкін. Мұндай әрекетке бару өзіңізге ұнамасы анық, алайда басқа жол жоқ.
Жақындарыңызбен қарым-қатынас жақсы деп айту қиын. Алайда барлық мәселелерді сабырмен шешуге болады. Айналаңыздағы адамдардың пікірін тыңдай білесіз, бірақ шешімді өз бетіңізше шығарасыз.

Сарышаян
Жеке өміріңізде де, жұмыста да жаңа таныстықтар күтіп тұр. Осы арқылы араласатын адамдарыңыздың ауқымы кеңеймек. Кейбірімен серіктес болып, жұмысыңызды жалғастырасыз. Жаңа серіктесіңіздің талаптарын келіскеніңізге өкінбейтін боласыз.
Бұл күні жолға шығасыз. Алайда жаныңыздағы жолаушылармен келіспеушіліктер орын алып, құжаттардың дұрыс еместігінен қиындық туындауы мүмкін. Бірақ, қам жемеңіз, барлығы сәтті аяқталады. Кешке қарай бүкіл жоспарыңызды өзгертуге тура келетін жаңалық естисіз.

Мерген
Жұмысқа қатысты сұрақтарды талқылауда абай болыңыз. Артық әңгіме айтудан сақтанып, уәде беруден аулақ болыңыз. Шешімді тез шығарамын деп өзгелердің құрған тұзағына түсіп қалмаңыз. Тиянақты болыңыз. Бүгін өздерін жоғары бағалағандар ғана табысқа жетеді.
Жақындарыңызбен отырып әңгімелесу сізге қуаныш сыйлайды. Басы бос «мергендер» бұл күні екінші жартысын кезіктіріп қалуы әбден мүмкін.

Тауешкі
Жұмыста өзіңіздің білікті маман екеніңізді көрсетуге мүмкіндік туып тұр. Қызмет сатысында жоғарылауыңызда мүмкін. Жаңа жұмысқа тез үйренесіз, алайда жалқаулығыңыз басым. Бұл қасиетіңіз табысқа жетуге кедергісін келтіретінін өзіңізде білесіз. Бүгін ойда-жоқта қолыңызға ақша келеді.
Жеке өміріңізге көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Жұбын таппаған «тауешкілер» бүгін өзіңізге көптен ұнап жүрген жанды кездесуге шақырып, өз сезіміңізді білдіріңіз.

Суқұйғыш
Жұмыста біршама жетістікке жетесіз. Алайда оған жету оңай болмайды, сондықтан біраз тер төгесіз. Бүгін жұмысқа қатысты көп тәжірибе жинайсыз. Ақшаға абай болыңыз. Қалтаңыздағы қаржыға салғырт қарап, көп шығындалып қалмаңыз.
Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы. Кейбір мәселелерге көз жұма қарайсыз. Бүгін жақын жандарыңызға сіздің көмегіңіз қажет. Көмек көрсетуден қашпаңыз.

Балықтар
Жаңашылдықтан қорықпаңыз. Жаңашылдыққа бет бұруыңыздың арқасында мақсатыңызға жету жолын дұрыс таңдайтын боласыз.
Ескі таныстарыңызды жолықтырып, олармен өзіңізге маңызды мәселе жайында әңгімелесесіз. Бұл күні жақсы ұсыныстар түсуі мүмкін. Бірақ ойланбастан келісім бермегеніңіз жөн. Өйткені ұсыныс білдірушілер сізден көп нәрсені жасыруы мүмкін.
11 қаңтар 2019 ж. 517 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области