Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқты
Бұл күн сіз үшін сәтті күн. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өзіңіз әрекет ету керек екендігін түсінесіз. Жеке жұмыс жасау арқылы өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, өзгелердің берер құр уәдесі мен уайым-қайғысына бас қатырмайсыз. Бұл күні тапқырлығыңыздың арқасында бұрынан келе жатқан қарсыласыңызды басып озасыз. Сіз тез әрі дұрыс шешім қабылдауыңыз арқылы айналаңыздағыларды таңқалдырып, қарсыласыңызды тығырыққа тірейсіз.
Сонымен қатар бұл күні жақындарыңызбен кейбір мәселелердің оң шешімін табасыздар. Жақсы көретін адамыңыздың қателікке бой алдыруына жол бермейсіз. Оның жасағалы тұрған ісіне байыппен баға беріп, оң шешім шығаруына көмектесесіз. Бұл ісіңіз екеуіңіздің араңызда еш дау тудырмасы анық.

Торпақ
Жұлдыздар айтарлықтай жетістікке жетесіз деп айта алмайды. Керісінше, бұл күні қиындықтарға тап боласыз. Бұл жолы мақсатқа жетудің дәлелденген әдістері тиімсіз болмақ. Сондықтан мақсатқа жетудің жаңа жолдарын және көмекшілер іздестіру қажет. Ықпалды адамдарға жағымды әсер қалдыру үшін жаңа көмекшілердің пайдасы зор болмақ.
Күннің екінші жартысына қиын жұмыстарды жоспарламағаныңыз дұрыс. Бұл уақытта сіздің қайсыбір іске болмасын көңіл бөлуіңіз қиын. Оған сіздің ішкі жан дүниеңіздің құлазуы да әсер етпек. Мойныңызға артық жауапкершілік алудан сақтаныңыз.

Егіздер
Мазасыз күн. Жағымсыз күтпеген кездесулер болуы мүмкін. Өзіңіз байланысқыңыз келмеген ескі таныстарыңыз қарсы алдыңыздан шығуы мүмкін. Ескі таныспен әңгіме-дүкен құрудан бас тарпағаныңыз жөн. Себебі оның да сізге пайдасы тиіп қалуы ғажап емес.
Түстен кейін өзіңізге қатысты ескі мәселе оң шешім табуы мүмкін. Кейбір «егіздер» жоспарларының жүзеге асуына әрекет ете бастайды. Мақсатқа жетудегі сіз таңдаған жол сәтті болмақ.

Шаян
Бүгін басшылықпен, әріптестермен және іскерлік мүдделеріңіз бір басқа да адамдармен оңай тіл табыса аласыз. Бұл күні көмек қолын созбаған және ықпалды адамдардың қолдауына ие боласыз. Сондай-ақ бүгін мемлекеттік мекемелердегі жұмыстарыңызды бірыңғайлап, құжаттар рәсімдеуге өте қолайлы күні.
Жеке өміріңізде де өзгерістер орын алуы мүмкін. Өзгерістің болуына өзіңіздің ақылға қонымды, әрі ұнамды бастамаңыз қажет. Өзіңізге бұрыннан ұнайтын жанға және жаңа таныстарға жағымды әсер қалдыру қиын емес.

Арыстан
Өміріңізді жақсы арнаға бұру мүмкіндігіне иесіз. Ол үшін ерекше іс-әрекет жасау қажет. Өмір сүру салтыңызды бұзудан қорықпаңыз. Бұл сізге күтпеген жағымды және қызықты тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Бұрынғы әдеттен арылу арқылы болашағыңызға зор пайдасын тигізер тәжірибе аласыз.
Айналаңыздағы адамдармен тіл табысу оңайға соқпайды. Олар сіз туралы бұрыннан да бетер сынайтын болады. Оған аса мән бермеңіз, ренжіп те әуре болмаңыз. Мұндай кездер де көп «арыстандарға» әзіл көтере алатындығы көмектеседі.

Бикеш
Сіз үшін бұл күні өте қарбалас. Көп нәрсені жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Болмайтын жағдайларға да аса мән бересіз. Сабырлық сақтау өте қиынға соғады. Бірақ болмашыға бола «күйіп-пісуіңіз» сізге еш жақсылық әкелмейді. Сондықтан сабырлық сақтағаныңыз жөн.
Бірлескен жобаларды қолға алған уақытта серіктесіңізбен жан-жақты келісім жүргізгеніңіз жөн. Әйтпесе, жобаға салған күшіңіз босқа кетуі мүмкін. Кейде табысқа жету жолында жалғыз әрекет еткен де жөн.

Таразы
Қызығы мен шыжығы мол күн. Бұл өмірдің бір кезеңін артқа тастап, келесі кезеңге қадам басуға байланысты болуы мүмкін. Өткеніңізге есеп беріп, осы уақытқа дейін жүріп өткен жолыңызға назар аударар болсаңыз, жаңа ...........белес алдында тұрғаныңызды байқайсыз. Көптеген таразы белгісіндегі жандарға өздерінің ішкі түйсігі ненің дұрыс екенін айтады.
Бүгін ойға келген тың ой ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл ойыңыз бірден жүзеге аспауы мүмкін, алайда ертелі кеш орындалары анық. Жаңа ойыңызды жақындарыңызға айтсаңыз болады, себебі олар сізге оның жүзеге асуына қолдау білдіреді.

Саршаян
Жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты жақсарту оңайға түспейді. Сіздің әрбір іс-әрекетіңіз бен шешімдеріңіз оларды тығырыққа тіреп, сізге деген теріс пікір қалыптастыруына ықпал етеді. Өзіңіздің шығарған шешімдеріңізді ақырындап түсіндіруге тырысыңыз. Барлығын да өзгертуге болатынын ұмытпаңыз.
Алыс сапарларға шығудан бас тартыңыз. Бұл сапарлар сәтсіз болып, бар уақытыңызды алуы мүмкін. Ақшаға жұмсауға қатысты істерді күннің екінші жартысына қалдырған жөн. Себебі түстен кейін жасалған саудада еш қателеспейтініңіз анық.

Мерген
Ауа райы секілді бұл күні сіз үшін құбылмалы болмақ. Жұлдыздар сізге кедергілерге мойынсұнбауды, жетістікке жетуге мүмкіндік бар екенін айтуда. Өзгелерге ұнатпайтын кейбір жағдайлардың сізге пайдасы тиюі мүмкін. Бұл жағдайда сізге серіктестер қажет екені анық. Себебі «Жаяудың шаңы шықпас» деген бар. Жақын адамдармен сырласу сізді қуантады. Сіз олармен өзіңіздің қорқыныштарыңыз, ойларыңыз және жоспарларыңыз жайында бөлісе аласыз. Ашық пікірлесу арқылы жақындарыңыздың қолдауына ие болып, олармен бірлесіп әрекет жасай аласыз.

Тауешкі
Сіз үшін ашық және маңызды әңгімелер күні. Сізді бұрыннан алаңдатқан жағдайлар жайында талқылай аласыз. Бұл күні өзіңіздің ішкі түйсігіңіз арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін сезіп, олармен ортақ тіл табысып, қиын жағдайға тап болғандарды қолдап, өзгелердің қуанышына ортақтаса аласыз.
Сіз бас тарта алмайтын ұсыныстар түсуі мүмкін. Көптен бері қызықтырып жүрген іспен айналысуыңыз мүмкін. Өміріңіздің кейбір тұстарын өзгертуден қорықпаңыз, сіз ол үшін өкінбейтін боласыз.

Суқұйғыш
Іскерлік қарым-қатынас үшін қолайлы күн. Кәсіби немесе қаржылық мүдделеріңіз бір адамдармен іскерлік қарым-қатынасты оңтайландыру оңай болмақ. танысу оңай. Жұмыста бәсекелестік арта түспек. Табысқа жеткізетін істі қолға алған жөн. Алғашқы жетістік сізді қанаттандырып, алға қарай жетелейді.
Жақындарыңызбен жақсы уақыт өткізуге болады. Алайда әрбір әңгімеңізге абай болғаныңыз жөн. Жағымсыз оқиғаларды еске алып, ол туралы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ.

Балықтар
Табысты күн деп айту қиын, алайда жағымды жақтарымен есте қалмақ. Кикілжіңдер мен келіспеушіліктен бойды аулақ ұстайсыз. Өзгелермен жеке қарым-қатынасыңызды жақсы қалыпта сақтай аласыз. Бүгін отбасылық демалысқа, дос-жарандармен отырысқа өте қолайлы күн. Жаңа таныстықтар күтіп тұр. Айналаңыздағыларға ұнау өте оңай. Бұл күні сізге бір көргеннен ғашық болатын жан бар.
Жұмысыңызда қиындықтар туындауы мүмкін. Кейбір істерді соңына дейін апару сіз үшін қиынға соқпақ. Уәде беруден аулақ болыңыз. Себебі оны орындау сіз ойлағаннан да қиын болуы мүмкін.
10 қаңтар 2019 ж. 618 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области