Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нағыз команда жинаудың Майкл Блумберг ұсынған 7 әдісі

Нағыз команда жинаудың Майкл Блумберг ұсынған 7 әдісі


«Рухани жаңғыру» кезеңінде еліміздегі жеке кәсіпте немесе мемлекеттік ұйымдарда жұмыс жасайтын барлық мамандар, басшылар теориялық һәм тәжірибелік білім тұрғысынан толыққанды жетілген болуы шарт. Ruh.kz порталы өз оқырмандарына қандай да бір пайдасы тиер деген оймен басқарудың, өнімді еңбек етудің түрлі әдістерін жариялап келеді. Бүгін де сол дәстүр бойынша, назарларыңызға Майкл Блумбергтің команда жинауда пайдаланатын 7 қағидасын ұсынбақпыз.
Bloomberg LP агенттігінде 1200-ден аса қызметкер жұмыс жасайды. Компанияның халықаралық аренадағы беделінің жоғарылығы сонша, бұл агенттік таратқан ақпараттарға кәсіпкерлер, тіпті, күмән келтірмейді. Майкл Блумберг мұндай жетістікке жетуінде ешқандай құпия жоқтығын, оның жалғыз құпиясы қызметкерлердің еңбегінде екенін алға тартады. Әрине, қызметкерлер кез-келген компания үшін алдыңғы қатарлы активтерге жататыны даусыз.
Ал Майкл Блумберг өз қызметкерлеріне қалай мотивация береді? Әрі қарай бірге оқиық.
1. Жұмыс жайы мен қаражат жөнінде қызметкерлермен саудаласпау қажет
Блумберг ешкіммен жеке шарттары жөнінде талқыға түспейді. Оның ойынша, жалғыз адамның шартымен сәтті кәсіп жасау екіталай. Ең маңыздысы – қызметкердің компания жұмысын орындау барысында жан-тәнімен, ризашылықпен әрекет етуі. Сонда ғана командалық бірлік, командалық жұмыс өз нәтижесін көрсетпек.
2. Жұмысқа жаңа маман алар уақытта барлық әріптестермен кеңесу
Барлық қызметшілер өздері шешім қабылдап, қатарларына қосқан жаңа қызметкерді командалық жұмысқа тартуды көздейді. Ал егер де бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан қызметкерлердің біріне жаңа кандидат ұнамай қалса, оны қатарға қоспаған жөн. Өйткені, ол адам командалық жұмысқа кері әсер етуі мүмкін.
3. Ешкімге компанияның рөлін тапсырмаған жөн
Ешқандай қатардағы қызметкер ұжымды оның негізін қалаушыдан артық басқара алмайды. Сондықтан, Блумберг компанияның ішкі саясатымен және қоғаммен байланыс жұмыстарымен өзі жеке айналысады. Сондай-ақ, ол компанияның топ-менеджерлерінен БАҚ алдындағы, қызметкерлер мен тұтынушылар алдындағы ашықтықты талап етеді.
4. Компания қызметкерлеріне 24 сағат бойы үлгі көрсетіп жүруі қажет
Ұжым басшысы жұмыс барысында да, жұмыстан тыс уақытта да қызметкерлердің көз алдында жүруі керек. Сол кезде ғана сапалы еңбек, өнімді жұмыс атқарылмақ. Ал егер басшы адамда мұндай қасиет болмаса, оған басқару қабілетін әлі де шыңдай түсу қажеттігі туындайды.
5. Әрбір қызметкерден өзін әрдайым жетілдіріп отыруды талап ету
Майкл Блумбергтің барлық компанияларына ортақ стратегия – ұсынылған қызметтерді үздіксіз жаңартып отыру. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін тек қана әрбір қызметкер өз қабілетін, өз білімін ұштап отырғаны абзал.
6. Дресс-кодты толықтай жойған дұрыс
Блумбергтің компаниясында джинсымен, ұзын шапен, жеке сән үлгісімен жүретін жастар да жұмыс жасай алады. Ал олардың жеке қызығушылығына жұмыс талаптарына байланысты қол сұғу – қате әрекет. Блумбергтің ойынша, маманның компанияда бағаланатын дүниесі – оның сырт кейпі емес, жұмыс қабілеті.
7. Қатардағы қызметкерлермен жиі байланыс жасау
Компания басшысы үшін жұмысшылармен, төменгі деңгейдегі қызметкерлермен сөйлесіп, олардың ой-пікірін тыңдап тұру маңызды. Өйткені, үлкен жобалардың барлығы кішкене ғана қадамдардан басталатынын ұмытпаған жөн. Блумберг қателік жасаған адамның өзіндік шешім шығаруына кедергі жасамайды және бұл әрекетінен өзі қорықпайды.
Міне, сәтті кәсіп жасаудың негізгі көздері, негізгі қағидалары – осылар. Жақсы команда – жарты бизнес. Қызметкерлердің әрекет ету сапасы арқылы компания өседі немесе құлдырайды.
Ал өсетін компанияның іргетасын қалау үшін жақсы команда жинау қажеттілігі туындап тұрғаны рас.



01 желтоқсан 2018 ж. 525 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области