Жұлдыздар не дейді?
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын күн. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз нағыз сөз байласатын уақыт. Бүгінгі күн қандай істі болмасын бастауға өте қолайлы сәт. Көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз. Бүгін өзіңізге сәл еркіндік беріңіз
Торпақ
Өте керемет күн. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл күні көбісі сізге қызыға қарайды. Әсіресе ерлер нәзікжандарға, ал нәзікжандар ер адамдарға жақсы көзқараста болады.
Егіздер
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік аламын деп жүрсеңіз бүгін сол ойыңызды жүзеге асырыңыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестеріңіздің арқасында қызметте жоғарылауыңызда ғажап емес.
Шаян
Сізді бүгін тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңізде мол қаражатты жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз жүргізуде өзіңіздің қулығыңызды асырасыз.
Арыстан
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Ваше стремление к успеху сегодня будет вознаграждено. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Орын алып жатқан жағдайлар сізді көп алаңдатпайды.
Бикеш
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.
Таразы
«Талғамда талас жоқ», демекші өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Дөрекі болмаңыз. Әйтпесе, жаныңыздағыларды жоғалтып алуыңыз мүмкін немесе сізден көбісі теріс айналады.
Сарышаян
Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен ара-қатынас сәл «суып», түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Мерген
Көлік алуға, жағымды жаңалық жасау немесе белсенділік танытатын күн. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Тауешкі
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Бүгін жолыңыз болмағанымен, келер күні барлығы сәтімен болар. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестеріңіздің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
Суқұйғыш
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ ойларыңызбен, жоспарларыңызды құпияда ұстаңыз. Әсіресе, әріптестер мен достарға тіс жармаған абзал.
Балықтар
Бастаған істеріңіз өрге домалайды. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» демекші, аңдамай сөйлеп, олардың көңілін түсіріп алмаңыз.