Жұлдыздар не дейді?
Ұйымдастыру ісінен аулақ болыңыз. Маңызды мәселелерді шешемін деп әуреге түспеңіз. Қаржылық жағдайыңызды ескере отырып, біраз мәселелерді кейінге қалдыруға тура келеді.
Торпақ
Отбасыңызда жылулық пен жайлылық орнайды. Ойланбай шешім қабылдамаңыз. Жұмысқа қатысты ұсыныстардан бас тартыңыз. Дәл бүгінгі уақыт оған сәйкес емес.
Егіздер
Бұрынғы серіктестеріңізбен жанжал туындауы мүмкін. Ер адамдар оңаша қалудан, ұзақ серуендеуден бас тартыңыз. Бұл денсаулығыңызға кері әсерін беруі ықтимал. Нәзікжанды «егіздер» сәтсіздікке ұшырамас үшін маңызды жобаларды қолға алмағаны дұрыс.
Шаян
Бүгін белсенділігіңіз әдеттегіден төмен. «Бір нәрсе жасау керек» деп ойлап жүрсеңіз, әзірге іске кіріспегеніңіз жөн. Тек жасағыңыз келген істі қалай қолға алу керектігін ойлаңыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз.
Арыстан
Соңғы уақытта жұмысыңызға немқұрайлылық танытып жүрсіз. Жоспарлаған істеріңіз жүзеге аспай, біраз әбігерге түсесіз. Бүгінгі күн келіссөздер жүргізуге кездесулер ұйымдастыруға қолайлы емес. Командалық жұмысқа кіріспеген жөн.
Бикеш
Жолыңыздың болмауы сіздің көңіл-күйіңізді түсіреді. Әрине ол ешкімге қуаныш сыйлай қоймасы анық. Бірақ сол жол болмаудың себебі, өзіңізде болып отыр. Айыңыздың оңынан тууы өз қолыңызда. Кешке қарай жақындарыңызбен қарым-қатынас жақсара түспек.
Таразы
Табысты болуыңыз өзіңізге байланысты болмақ. Жаңа талаптарға сай жұмыс жасау арқылы мол табысқа кенелесіз. Түстен кейін аздаған кедергілер орын алуы мүмкін.
Сарышаян
Өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып, өзіңізді жақындарыңызға керексіздей сезінесіз. Барлық жүкті өз мойныңызға артудан және барлығына өзіңізді кінәлаудан сақтаныңыз. Сізге демалыс қажет.
Мерген
Таңертең айналаңыздағылармен тіл табысу мүмкін емес. Өзгеріске ұмтылысыңыз, жаңа бағытқа бетбұрысыңызды басшылық қолдамасы анық. Бірақ мол тәжірибеңіздің арқасында қиын жағдайлардан жол таба аласыз.
Тауешкі
Күніңіз бірқалыпты өтеді. Серіктестермен жағдай қиындай түспек. Кешке қарай барлығы орнына келіп, жұмысыңыз қалыпқа түседі. Өмірлік серігіңізге көп көңіл бөліңіз. Оған сіздің қолдауыңыз қажет.
Суқұйғыш
Жалған ақпаратқа сеніп, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Алға жаңа жопарлар құрудың қажеті жоқ, ескі жұмыстарыңызды ретке келтіріңіз. Артық жұмыс денсаулығыңызға күш түсіреді.
Балықтар
Көп алданып қалуыңыз мүмкін. сондықтан мұқият болыңыз. Ашушаң, өзімшіл адамдардан бойды аулақ ұстаңыз. Өз ісіңізге адал болыңыз. Дәрігерге қаралып жүрсеңіз, барлығы да сіз ойлағандай болады.