Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін өзгерістер орын алады. Бұған қуана қоюыңыз екіталай, себебі біраз жоспарларыңызды өзгертуіңіз мүмкін. Бірақ алдағы күндеріңізді ойласаңыз, бұл өзгеріс сізге өз пайдасын тигізбек. Сондай-ақ бұл өзгерістер жаныңызды жегідей жеген, алға қарай ұмтылуға кедергі келтірген қиындықтардан құтылуға көмектеседі. Күтпеген жерден жасаған шешімдеріңіз оң нәтижесін береді.
Көптеген «тоқты» белгісіндегілерді жақындарымен қарым-қатынасы алаңдатады. Ұрыс-керістен бойды аулақ ұстаңыз. Ұстамды болыңыз.
Торпақ
Бүгін жолыңызда кездесетін кедергілерді қиын болса да еңсересіз. Оған әріптестеріңіз бен достарыңыз көмектеседі. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» демекші, қай істе де, көпшілікпен бірлесіп әрекет етіңіз. Мәселелерді жалғыз шешемін деп, көп уақытыңыз бен күш-жігеріңізді жоғалтып алмаңыз. времени и сил можете потратить зря.
Бұрын ренжісіп қалған адамдарыңызбен қайта татуласасыз. Жұмысқа қатысты кездесуге барып, серіктестеріңізбен бірге алдағы уақытта іске асырғалы жүрген ірі жобаларға қатысты мәселелерді шешесіздер.
Егіздер
Әрбір атқарар ісіңізге мұқият болыңыз. Әйтпесе, кейін сан соқтырар қателікке бой алдырасыз. Жақындарыңызбен ара-қатынасыңыз, айналаңызда болып жатқан жайттар сізді көп алаңдатады. Дос таңдауда абай болыңыз.
Жақын адамыңызбен қарым-қатынаста ішкі ойыңыз көп көмектеседі. Сол арқылы кикілжіңдерден аулақ болып, өзіңізге қымбат жанға деген сезіміңізді толықтай сезіне білесіз.
Шаян
Асықпаңыз. Асығыз қабылданған шешім мен атқарылған жұмыстардың соңы қиындық туғызуы мүмкін. сөзге көптің көмегі қажет. Жақын адамдарыңыздан ақыл сұраудан қысылмаңыз. Бұл күні жанашыр дос табуыңыз мүмкін.
Кедергілер көп болғанымен, бүгінгі күні керемет. Барлығы жоспардағыдай жүзеге аспағанымен, уақыт өте келе барлығы өз орнына келеді. Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзіңізді көп шаршатпаңыз.
Арыстан
Мазасыз күн болғанымен, бұл күні жолыңыз болады. Барлығы бір демде болмады деп ренжімеңіз. Сабыр сақтай біліңіз. Іскерлік әлемінде белсенді болыңыз. Сонда ғана қызметіңіз өседі.
Құжаттарға мұқият болыңыз. Отбасыңызда ұсақ кикілжіңдер орын алуы мүмкін. Бірақ барлық мәселені тез шеше аласыз.
Бикеш
Өте сәтті күн. Бүгін жаңа идеяларды жүзеге асыруға, ұзақ мерзімге серіктестік құруға қолайлы күн болады. Сізді жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр.
Кері тартуды доғарыңыз. Сүйікті адамыңызбен екеуіңізге де маңызды мәселе жайында сөйлесіп, оның шешімін табуға тырысыңыз. Жақын адамыңызға көп көңіл бөліңіз.
Таразы
Өте маңызды, әрі қиын күн. Өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келеді. Тәуекелге бел байлауыңызда мүмкін. Алайда үмітіңіз ақталмайды. Айналаңыздағылар сіздің бүгінгі мінезіңізді түсіне алмауы мүмкін. сондықтан келіспеушіліктер орын алады. Бірақ ашуыңыз тез тарқап, бұлттан кейінгі күндей жарқырайсыз.
Қаражат мәселесінде абай болыңыз. Қомақты қаражат жұмсамаңыз. Қазір өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды дұрыс бағамдай алмайсыз.
Сарышаян
Барлығында да өзіңіздікі дұрыс деп есептейсіз. Ешкімнің сізбен дауласуға батылы бармайды. Сізге қарсы тұрғандар көп уақыт өтпей өздерінің қателескенін білетін болады. Ақыл-кеңеске құлақ түрмейсіз. Сізді жақсы танитындардың кеңесін тыңдағаныңыз дұрыс.
Бүгін жасалуы тиіс жұмыстарды ертеңге қалдырмаңыз.
Мерген
Керемет күн деп айту қиын. Барлығы сіз лойлағандай болмауы мүмкін. Жақын таныс емес адамдарға ашылып, сыр айтпаңыз. Жолыңызда кездескен адамдардың барлығына бірдей сене бермеңіз.
Өткенді көп қозғай бермеңіз. Әсіресе, жақындарыңыздың арасында абай болыңыз. Оның орнына жақсы әңгімелер айтыңыз.
Тауешкі
Қарбалас күн. Уақытыңызды текке кетіріп алмаңыз. Өзіңіз бойды аулақ ұстап жүрген жерден шалыс басып қалуыңыз мүмкін. Күні бойы аяғыңызды аңдап басыңыз. «Сақтансаң, сақтаймын» дегенді естен шығармағаныңыз абзал.
Айналаңыздағылардың барлығы сізді түсіне бермейді. Оларға түсіндіремін деп те әуре болмаңыз. Кейбір мәселелерді кейінге қалдырыңыз. Қазір оларды шешу мүмкін емес.
Суқұйғыш
Өзіңізді қызықтыратын істерді кейінге қалдырмаңыз. Кейінге қалдырсаңыз сізге жақсылық ойламайтындар алдыңызды орап кетуі мүмкін. Маңызды істерде табысқа жету үшін табандылық қажет.
Өзіңіз сенетін серіктестерге бұл жолы да сенім артсаңыз болады. Күннің екінші жартысында отбасылық мәселелерді шешіп, жақын адамыңызға көмектесе аласыз. Бұл күн достық немесе романтикалық кездесуге қолайлы.
Балықтар
Бүгін орындалмаса да жоспарларыңыздан бас тартушы болмаңыз. Асықпай нақты қадамдар жасаңыз. Мақсатқа жету жолында кез келген кедергілерді жеңе алатын «балықтар» үшін күн сәтті болмақ. Пайдасы мол істі игеруге мүмкіндік бар. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы, сіз олардың қолдауына ие боласыз. Кейбір «балықтар» барлық өкпе-ренішті артқа тастайды.