Қызылордалық 900 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады
Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Еркінбек Байболов мәлімдеді.
«Күзгі мерзімді әскери қызметке 900-ге жуық сыр бойылық жас өрен аттанады деп күтілуде. Оның ішінде 300-ге жуығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, 300-ге жуығы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Ұланына, 200-ге жуығы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне шақырылуда. Сондай-ақ 15 жас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Күзет қызметінде отан алдындағы борышын өтейтін болады» - деді департамент бастығы Е.Байболов.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер мен басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру 100%-дан аса орындалып, 800-ден аса азамат әскерге аттанған болатын.
Іріктеу кезінде дене дайындығы, эмоциялық тұрақтылыққа баса мән беріледі. Сондай-ақ үміткерлер психологтың тексеруінен өтеді. Денсаулық жағдайына байланысты және отбасының жалғыз асыраушысы болып танылатын азаматтар әскерге шақырылудан босатылады.