Қызылордада колледж студенттері тіл мәселесін талқылады (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандардың тіл байлығын, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ток-шоу ұйымдастырды.

Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Ток-шоуға Абылайхан мен Кызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құралған екі топ қатысты.
Шараға қатысушылар өздерінің білімділігін, қызығушылығын, ана тілге деген сүйіспеншілігін тіл туралы өлеңдер оқу арқылы көрсетті және көптеген сұрақтарға жауап алды.

