Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘДЕБИ КЛУБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

ӘДЕБИ КЛУБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастар арасында «Жауқазын-Ғұмыр» клубының жобасы бойынша облыстық оқу орындары арасында таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және дарынды жастардың шеберлігін шыңдау мақсатында «Таланттыларды іздейміз» атты әдеби сайыс ұйымдастырды.
     Қатысушылар «Жүргізушілер», «Мәнерлеп оқу», «Әдеби көрініс» және «Жаңа идеялар» туры бойынша сайысқа түсті.
    Сайысқа М.Маметова атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық, «Өркениет» медициналық, «Ұлағат» және И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық колледждерінің студентері қатысты.
    Қатысушыларға қойылған басты талаптар ойды анық жеткізе білу,  дикцияны сақтау, дауыс ырғағын интонациямен сөйлеу болды.
    Тартысты, қызықты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жүргізушілер сайысында бірінші орынды М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Әлия Тоқмырза, екінші орынды Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенті Шұғыла Жақсыбаева, ал үшінші жүлдені М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Жеңіс Ерсұлтанұлы иеленді.
    Мәнерлеп оқу сайысында алғашқы орынды М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Аружан Бахтиярқызы алды.
    Бұл сайыстың екінші (Алина Бақбергенова), үшінші жүлдесін (Ұлдана Таяр) де осы оқу орны студенттері иеленді.  Бақбергенова Алина;
    Әдеби көрініс және жаңа идеялар сайысы бойынша «Ең үздік көрініс» және «Ең тамаша идея» номинациясын «Ұлағат» колледж студенттері иеленді.
    Жеңімпаздар алғыс хат және дипломдармен марапатталды. Кітапхананың «Жауқазын-Ғұмыр» әдеби клубы жаңа жас таланттылармен толықты.


30 қазан 2017 ж. 928 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области