Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер сараланды

Қармақшыда Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер сараланды

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының активінің жиынында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер сараланды. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков аудан активінің жиынында жүргізілетін жұмыстарға тоқталып, алға қойылған мақсаттар мен межелі міндеттерді саралады.

Президент Жолдауы – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты екені белгілі. Жолдау стратегиялық маңыздылығын ескеретін болсақ, белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталды.
Идеологиялық аудан активінің жиынын жүргізген Мұса Қалдарбеков қасиетті Қармақшы өңірінің гүлденуі мен дамуы жолында бар күш-жігерін жұмсап, алдағы уақытта қолдауды қажет ететін салаларға көңіл бөлетінін жеткізді.
Сонымен бірге, аудан прокуроры Ербол Сейітжанов, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева, «Тұрмағамбет» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұржан Пірмантаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров сөз алып, Жолдауға байланысты пікірлерімен бөлісті.
09 қыркүйек 2019 ж. 450 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области