Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Майра Мелдебекова: Дарынды балаларды қолдау – ел ертеңіне салынған инвестиция

Майра Мелдебекова: Дарынды балаларды қолдау – ел ертеңіне салынған инвестиция


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бірқатар нақ міндеттер жүктеді. Президент әрдайым білім саласының дамуы, ғылымның өркендеуіне ұдайы көңіл бөліп, адами капитал сапасын арттыруға ерекше назар қойып келеді.
Жолдауда білім беру саласын жетілдірудің жан-жақты жолдары көрсетілді. Ең маңызды бағыттың бірі ретінде ауыл балаларын қолдау, дарынды балалардың қабілетін ашу арқылы арнайы Жол картасын әзірлеу тапсырмасын жүктеді.
Сыр елінде дарынды жастарды қолдау деңгейі жоғары. Аймақта білім басқармасы жанынан «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ашылып, талантты балаларды қолдау, олардың білім, ғылым, өнер, спорт бағытындағы елеулі жетістіктері насихатталып келеді. Халықаралық, республикалық, облыстық пәндік олимпиадалар, түрлі деңгейдегі байқауларда Сыр елінің абыройын асқақтатып жүрген оқушылар аз емес.
2018-2019 оқу жылында 11 оқушы халықаралық, 13 оқушы республикалық ғылыми жобалардың жеңімпазы атанып, Мәскеу қаласындағы Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік университеті, Назарбаев университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Астана ІТ университеті, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті сынды белді жоғары оқу орындарының түлектері атанды.
Дарынды оқушыларымызды қолдау мақсатында түрлі деңгейдегі байқау жүлдегерлері атанған 55 оқушы облыс әкімінің «Сыр Дарыны» медалімен марапатталады. Сонымен бірге Қазақстан, Ресей, Якутия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен халықаралық олимпиадаларда 25 оқушының 20-ы жүлделі орындарды иеленді.
Балалардың біліміне инвестиция салу – біздің басты міндетіміз. Бұл тұрғыда Қызылорда өңірлер арасында алғаш болып 5 оқушыға халықаралық стандарт бойынша білім беретін «Astana Garden School» мектебінің гранты тағайындады. Бұл өз кезегінде білім саласына деген айрықша қолдаудың жоғары екенін білдіреді.
Жолдау жүктеген межелі міндеттер мен жоспарланған жұмыстар айқын. Бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеу жолында білім сапасын арттыру, дарынды балаларды демеу бағытындағы ауқымды істер жалғасып табады. Сыр елі қашанда білімге бет бұрған оқушыларды қолдап, мұғалімдер мәртебесін асқақтату жолында қызмет атқарады.

Майра МЕЛДЕБЕКОВА,
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы.
05 қыркүйек 2019 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области