Нұрбол Аппазов: Ғылымға көңіл бөлу - дамудың кепілі
2 қыркүйек күні еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев республикамыздың билігінің тізгінін ұстағалы алғаш рет «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы жолдауын Қазақстан халқына жария етті.
Президент өз жолдауында елімізде қордаланған, әлі де болса көптеген мәселелері шешілмей келе жатқан түйткілді мәселелердің басын қозғап, шешу жолдарын нақтылап көрсетіп берді. Олар мемлекеттік билік, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ел экономикасы, әлеуметтік сала, ел аумақтары және осы аталғандарға қатысты басқа да мәселелер.
Өзім жоғары білім беру, ғылым саласы қызметкері болғандықтан, біздің әсіресе назарымызды аудартқаны осы сала бойынша жолдаудағы көтерілген мәселелер болып табылады.
Қай саланы болмасын алмайық жақсы білікті мамансыз алға ілгерілеуді елестету мүмкін емес. Білім экономикасын енгізу, білім сапасын жақсарту және т.б. іске асыру мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайына тура байланысты. Педагогтың статусын жоғарылату, өзіне тиесілі емес жұмысқа тартпау, олардың қоғамдағы орындарын нақтылау, ұстаз жалақысын жоғарылату және т.с.с. арқылы бұл шараларды жүзеге асыруға болады. Бұл жолдаудағы ұстаздар үшін ең қуантарлығы келесі жылдан бастап жалақыны әр жыл сайын 25%-ға өсіріп отыру арқылы 4 жылда 2 есеге жоғарылату болып табылады.
Мемлекеттің дамуы ғылымсыз іске аспайтыны анық, Президент өз жолдауында ғылымға да ерекше көңіл бөліп, ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша Үкіметке өз тапсырмасын берді.
Индустрия, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т.б. көптеген салалардың білікті мамандарсыз дамуын елестету мүмкін емес, бүгінгі жолдаудағы білім саласын дамыту бойынша көтерілген мәселелер жоғарыдағы аталғандардың дамуына өзінің айтарлақтай , тіпті негізгі үлесін қосары сөзсіз.
Нұрбол АППАЗОВ
Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректорының ғылыми жұмыстар және қоғаммен байланыс
жөніндегі кеңесшісі м.а, химия ғылымдарының кандидаты, профессор